Мемлекет басшысы: Қандай жағдай болмасын елордада қаламын

Елдегі күрделі ахуалға байланысты өзінің және жақындарының өміріне алаңдап жатқан азаматтар Президенттен көмек сұрап, толассыз хат жазуда.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүлікшілер тобының өзара ұйымдасқанын назардан тыс қалдыруға болмайды. Мұны олардың алдын ала жоспарланған қадамдарынан-ақ байқауға болады. Сөз байласқандардың түпкі мақсаты – жағдайды пайдаланып, қалтасын қампайту. Осыған байланысты ел қауіпсіздігін сақтауға бағытталған қатаң шараларды халық қолдайды деп сенемін. Қандай жағдай болмасын, мен елордада қаламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім.