Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?

Айта кетейік, ұйымға Армения төрағалық етеді. Никол Пашинян өзінің фейсбуктегі парақшасында «ұжымдық қауіпсіздік еңесі Қазақстан республикасына шектеулі уақыт аралығына, ахуалды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру мақсатында бітімгерлік күштерін жіберу турпалы шешім қабылдады» деп хабарлады.

Белең алған жаппай тәртіпсіздіктер халықты алаңдатып отырғаны сөзсіз. Ел ішін арандату әрекетіне диструктивті топтардың қатысы бар деген күдік басым. Радикалды топтарға қарсы күресті тиімді жүргізуге қолдау көрсету үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына үндеу тастады. Еске сала кетсек, шарт ұйымының мақсаты – бейбітшілік, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұйымға мүше мемлекеттің егемендігі мен территориялық тұтастығын ұжым болып қорғау.

Бұл мақсатқа жету үшін шарт ұйымының мүше-мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздікті қалыптастыру бойынша бірлескен іс-шаралар қабылдайды. Ұйымның жарғысына сәйкес, мұндай іс-шара қауіпсіздік, тұрақтылық, территориялық тұтастық пен егемендікке қатер төніп, қорғаныс құқығын іске асыру қиындағанда ғана жүзеге асырылады. Атап айтқанда, коалициялық күштер ұйымы, бірлескен аймақтық әскер күші, бітімгерлік күш немесе бірлескен әскери жүйелер мен оларды басқару органдары бірігеді. Жарғының 8 бабына сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттер халықаралық терроризм мен экстремизм, есірткі мен психотропты заттар саудасы, заңсыз қару-жарақ айналымына және трансұлттық қылмыстық топтарға қарсы күреске жұмылады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын