Шеттен әскердің кіруі тәуелсіздігімізге қатер төндірмейді - Көшкімбаев

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан әскердің келуі Қазақстан тәуелсіздігіне қатер төндірмейді.

Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары бұған бек сенімді. Санат Көшкімбаев кейбір белсенділердің «егемендіктен айырылатын болдық» деп байбалам салуына негіз жоқ дейді. Өзге елден келген әскерлер көп тұрақтамайды. Антитеррорлық операциялар аяқталған соң елдеріне қайтады.  

Санат Көшкімбаев, Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Шеттен әскердің кіруі елдегі тұрақтылықққа керісін тигізбейді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер осыған дейін де мұндай жағдайға тап болған. 2010 жылы қырғыз елінде болған қырғын кезінде де көрші ел басшысы осы ұйымнан көмек сұраған еді. Ұйымның әу баста құрылудағы мақсаты да осы болатын. Қиын кезде бір-біріне қол ұшын созады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?