Бүкіл еліміз бойынша Конституциялық заңдылық орнатылды – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.

Елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр. Полиция, Ұлттық Ұлан, Армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуі барысында осылай деді. Мемлекет басшысы кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілгенін атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр. Полиция, Ұлттық Ұлан, Армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр. Кеше Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді. Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша Конституциялық заңдылық орнатылды.

Үндеудің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?