Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Лаңкестер бұрынғысынша жекенің және мемлекеттің мүлкіне залал келтіруде.

Сорақысы азаматтарға қарсы қару қолданып жатыр. Бұл ретте Президент құқық қорғау органдары мен әскерге оларға қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Ал шетелде жағдайды бейбіт түрде реттеу үшін тараптарды ымыраға шақырып жатыр. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестермен ешқандай келісім болмайтынын кесіп айтты. «Біз жергілікті және шетелдік қарулы әрі дайындықтан өткен бандиттермен және терреоршылармен бетпе-бет келіп отырмыз. Сондықтан жақын арада ондайлардың көзін жоямыз. Бұған құқық қорғау органдары моральдық және техникалық тұрғыда дайын», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Өздеріңізге белгілі Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының жарғылық құжаттарына сәйкес Қазақстан қатысушы мемлекеттердің басшыларына Конституциялық тәртіпті енгізу үшін бірлескен бітімгерлік контингент жүргізуді сұранды. Бұл контингент елді қорғауды қамтамасыз ету үшін елімізге қысқа мерзімге келді.

Үндеудің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?