Артық сөз ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін – Ғалым

Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға және біреуге тіл тигізуге болмайды.

Артық сөз ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан әр сөзді сүзгіден өткізіп, сараптап жазған абзал. Еуразия ұлттық университетінің проректоры, академик Дихан Хамзабек Президенттің соңғы үндеуін талқылау барысында осындай пікір білдірді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті