Қ.Тоқаев пен В.Путин телефон арқылы сөйлесті

Елде лаңкестік шабуылдар ошағы әлі де бар.

Сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса береді. Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлескенде осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы ахуал тұрақталып келе жатыр деді. Президент ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымның бітімгерлік күштерін жіберуге қолдау көрсеткені үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті