434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Андрей Бузов: Тұтастық басты бағдар болуы тиіс

  • 27
  • UPD: 13:00, 09.01.2022
Андрей Бузов: Тұтастық басты бағдар болуы тиіс

Ел бірлігі мен тұтастық – Қазақстанды қазіргі қиын ахуалдан аман алып қалатын ең негізгі бағыт. Халықаралық саяси-құқық саласының Украинадағы тәуелсіз сарапшысы Андрей Бузаров Киевтегі меншікті тілшімізге осылай деп пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақтардың өз ішіндегі ынтымақтастығы мемлекетті дағдарыстан құтқаратын мықты мүмкіндік, дейді маман.

Андрей Бузаров, халықаралық саяси-құқық саласының тәуелсіз сарапшысы:

– Ең алдымен ел ішіндегі ынтымақтастықты нығайту керек. Саяси қайшылықтар өз алдына, әр тұрғын ата заң мен тәртіпті де ұмытпағаны абзал. Бұл дағдарыс, әлбетте, Қазақстан Үкіметінің түбегейлі реформаларды енгізуіне әкеледі. Украина мұндай жағдайды басынан өткерді. Сондықтан шын көңілімен бірлікті сақтауға кеңес берер едім. Ел ішіне ойран салатын бүлікшілер көп. Мұндайда халықтың тұтастығы ғана арампиғылды топтарға тосқауыл бола алады.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Хабар 24 телеарнасы