Президент шешімді өзі қабылдайды – Б.Уәли

Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады. «Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулерін блогосферада әрқилы түсіндіруге байланысты мынаны мәлімдеймін: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Осы қызметінде ол өзі шешім шығарады. Бандиттер конституциялық құрылымды бұзу үшін Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күнде де осылай болған. Отандастарына жасаған барлық үндеуін ол кеңесшілердің қолдауына жүгінбей, дәстүр бойынша өзі жазды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды