434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаев жанқиярлық көрсеткен әскерилерді наградтады

  • 71
  • UPD: 23:55, 09.01.2022
Қ.Тоқаев жанқиярлық көрсеткен әскерилерді наградтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде батылдық пен жанқиярлық көрсеткен әскерилерді мемлекеттік наградалармен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

Дастан Әділбай, Дархан Барғанаев, Жандос Жағалбаев, Андрей Кабдинов, Рахат Сланбеков ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Нұрболсын Алмасов, Айбат Аманов, Ален Асылханов, Жайық Әділхан, Мейірхан Бітім, Ербол Ержанов, Дәулет Жұпарбеков, Мадияр Қайсаров, Ринат Қамбетов, Ғабдолла Смайылқанов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және Әділ Нұркенов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды. Есімі аталған азаматтардың барлығы мемлекет мүддесін қорғау кезінде ерлік жасады.

Хабар 24 телеарнасы