Президент үндеулерін өзі жазады – Берік Уәли

Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

Сондықтан ол дербес шешім қабылдайды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли арнамызға берген сұхбатында осылай деді.

Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

- Президенттің шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер көбейіп кетті. Осыған байланысты бүгін арнайы мәлімдеме жасау қажет деп санадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды. Осы сәтті пайдалана отырып, тағы да айтқым келеді: Мемлекет басшысының жұмысы туралы ақпаратты таратып, түсіндіруге Президенттің Баспасөз хатшысынан басқа ешкімнің хақысы жоқ.