ҰҚШҰ-ның онлайн отырысы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының онлайн форматта сессиясы өтіп жатыр.

Отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне Қазақстандағы ахуалды баяндауда.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының миссиясы - еліміздегі стратегиялық маңызды нысандарды күзету. Бітімгерлердің елімізге келуі Қазақстанның күштік құрылымдарына Алматы қаласы мен облысындағы лаңкестермен бел шеше күресіп, арнайы операцияны сәтті атқаруға септігін тигізді.

Сессияның отырысын «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.