Қазақстанның туы Түркиядағы елшілік пен екі консулдықта төмен түсірілді

Бүгінгі жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Ыстамбұл және Анталия консулдығында да көк туымыз төмен түсірілді.

Елшілікке келген Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер кешегі оқиға кезінде шейіт кеткен сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың қазасына қайғырып көңіл айтты. Бұдан бөлек өлгендердің рухына құран бағышталды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні