Тасмағамбетов: Бұл тәуелсіздікке жасалған опасыздық

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға көңіл айтты.

Ол кей өңірдегі шерулер бейбіт сипатта өтіп, талап, әділетті болғанын алға тартады.

Десе де, арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кеткеніне өкініш білдірген. Оның жазуынша: «Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік. Мұндайда ел болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі Мемлекет басшысының мойнында. Ал дәл қазір Президент әр азаматтың, әр отбасының, тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі! Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те бір атаның баласымыз. Қарға тамырлы қазақпыз! Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін», – деп сөзін түйіндеген Иманғали Тасмағамбетов.