ҚР СІМ: Кейбір шетел баспасөзі жалған ақпарат таратуда

Шетелдің кейбір баспасөзі Қазақстандағы жағдай туралы үстірт және бір жақты ақпарат таратып жатыр.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында осындай мәлімдеме жариялады.

Ведомство қазақ билігінің қарулы күштері мен құқық қорғау органдары, кейбір шетелдік БАҚ бұрмалап көрсеткендей, бейбіт шерушілерге емес, террористерге қарсы күресіп жатқанына баса назар аударған. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі экстремистік топтарға қарсы әскери қимылдарды Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлері емес, Қазақстан әскері жүргізіп жатқанын да ескертті. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынң күштері жағдай тұрақталған соң Қазақстан тарапының бірінші өтінішінен кейін ел аумағынан кететіні анық.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні