ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясы тарихта алғаш рет қолданылды

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясының күн тәртібіндегі жалғыз мәселе Қазақстандағы ахуал.

Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан басшыларының қатысуымен шұғыл шақырылған сессия бір минут үнсіздікпен басталды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік миссиясы ұйым тарихында алғаш рет қолданылып отыр. Сессия басында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мұндай ауқымдағы дағдарысқа тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз тұңғыш рет тап болды. Осы ретте Мемлекет басшысы ұйымға мүше елдердің басшыларына бірден қолдау көрсеткендеріне алғысын білдірді. Сын сағатта Қазақстанға әскери күшімен ғана емес, моральдік қолдаудың өзі жоғары маңызға ие болғанын атап өтті. Жыл басынан болған оқиғалардың барлығы ұйымдасқан жоспардың бір тізбегі саналады. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты көңіл-күйін озбырлар ұтымды пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды. Тоқаев халықтың талап-тілегі ескерілгенін айтты. Үкімет отставкаға кетті, газ бағасы бұрынғы деңгейде қалдырылды. Бірақ деструктивті топтың мақсаты елдегі тұрақтылықты шайқалту еді. Арам пиғылдың қашаннан бері жоспарланғанын тергеу амалдары көрсетеді, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.