Ел тарихындағы ең ауыр дағдарыс – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында кейінгі күндердегі ахуалды ел тарихындағы ең ауыр дағдарысқа теңеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес, арнайы қызмет пен құқық қорғау органдары оқиғаны лаңкестік пен агрессия ретінде бағаланғанын айтты. Қазақстанға қарсы құйтұрқылыққа лаңкестер мен шетелдік шабуылшылардың қатысқанын атады. Олар өз жақтастарын алаңнан да бірге ала кетті. Бұл белгілі халықаралық лаңкестердің тәжірибесі. Олар осылайша өз іздерін жоюға тырысады, - деді Президент.