ҰҚШҰ бітімгер күштері ел аумағынан міндетті түрде шығарылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық бітімгер күштері өз міндетін орындағаннан кейін Қазақстан аумағынан міндетті түрде шығарылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ресей Федерациясының Президенті осындай мәлімдеме жасады. Владимир Путин бітімгер күштердің контингенті елімізге шектеулі уақытқа жіберілгенін атап өтті. Ал қажетті мерзімді Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айқындайды, – деді ол.