Қ.Тоқаев: Лаңкестердің Алматыны шабуылдағаны тегін емес  

Деструктивті топ конституциялық құрылымды құлатып, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты талап-тілегі жайына қалды. Содырлар үйлестіру орталығынан арнайы белгі күтті. Сөйтті де бір мезетте стратегиялық маңызы бар нысандарды шабуылдай бастады. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дәйекті сөздер келтірді. Агрессия 11 аймаққа таралды.

«Бірақ негізгі мақсат - Алматыны құлату еді», – деді Президент.

Оның айтуынша, Алматыны нысанаға алғаны тегін емес. Егер маңызы зор қаржылық әрі коммуникациялық орталықты құлатса, онда халық тығыз орналасқан оңтүстік елдердің азаматтары шекараға лап беруіне жол ашатын еді.