ТҮРКСОЙ ұйымы үнсіздік жариялады

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы – бүгінгі жұмыс күнін қаралы күнге байланысты бір минуттық үнсіздікпен бастады, бастады деп хабарлайды Хабар 24.

Ұйымның штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің туы төмен түсіріліп, ТҮРКСОЙ қызметкерлері бүлік кезінде опат болған сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың қазасына қайғырып көңіл айтты.

Билал Чакыжы, ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары:

– Күллі Түркі дүниесі ретінде, Қазақстанның аза тұту күнінде қайғысына ортақпыз. Қазақстан – бұл қысылтаяң кезеңді одан сайын қуаттана еңсеретініне сенімдімін. Қазақстанмен бірге екенімізді тағы бір рет қайталаймын. Туыстас жұрттың бірлігі мен берекесі мәңгі болсын! Қуатты Қазақстан, қуатты түркі дүниесі деген сөз.

Элчин Гафарлы, Әзербайжанның халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі:

– Бүгін Қазақстандағы бүлік кезінде көз жұмғандарға құрмет көрсетіп, үнсіздік жарияладық. Елдегі жағдай тезірек тұрақтануына тілектеспіз. Бауырлас Қазақстанда тыныштық орнасын. Қазақстанның бастамасымен құрылған халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының әрқашан да сіздермен бірге.

Сондай-ақ...