Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде туымыз төмен түсірілді

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде де мемлекетіміздің туы төмен түсірілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Көрші елдегі отандастарымыз бен жергілікті тұрғындар ғимарат алдына гүл әкеліп, майшам жағып жатыр. Жұрт қиын кезеңде жұдырықтай жұмылған қазақстандықтарға қолдау білдірді.    

– Өте өкінішті. Біз қазақстадықтарды бауырымыздай көреміз. Қабырғамыз қайысып отыр. Бейбіт тұрғындардың еш кінәсі жоқ. Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз.

– Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Басына күн туғанда олар бір кісідей жұмыла алды. Жарайсыңдар, бекем болыңдар, қазақстандықтар!