Қазақстан мен Еуропалық кеңес байланысы нығаяды

Еліміздегі бүлік салдарынан экономикаға келтірілген шығын 2-3 млрд АҚШ долларына жуықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде өткен екіжақты кездесуде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайдың террорлық шабуыл екеніне күмән келтірмейтінін, сондықтан Қазақстанда лаңкестікке қарсы операция басталғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бітімгерлік күштері оған қатыспайды. Олардың негізгі мақсаты – Алматы мен елордадағы стратегиялық нысандарды қорғау. Шарль Мишель Қазақстан егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын әрі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін мәлімдеді. Келіссөз соңында тараптар сыртқы құрылымдар деңгейінде тұрақты байланыс жасауға уағдаласты.