Елімізде субсидиялау жүйесі өзгертіледі

Шаруаларға субсидия қолжетімді болу үшін арнайы норма енгізіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұсыныстарды қазір агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі жұмыс тобы қарап жатыр. Өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына биылғы наурыз айында енгізіледі. Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Ербол Қарашөкеев ведомство субсидиялаудың бірыңғай интеграцияланған мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлегенін атап өтті. Ақпараттық жүйенің қызметтері субсидия алушылар үшін тегін болады. Жаңа жүйе таяуда Ақмола облысында пилоттық режимде тестілеуден өтеді.