Саясаттанушы Қазақстанға ҰҚШҰ миссиясын кіргізу туралы пікір білдірді

Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық талаптарды бейбіт түрде жеткізген шерулер заңға қайшы болған жоқ, тек бұл жағдайды мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған радикал күштер пайдаланбақ болды.

Осындай сындарлы сәтте бітімгер күштерді кіргізу елдің заңды билігінің "жеті рет өлшеп, бір рет кескен" батыл шешімінен туындады. Бұл әзербайжандық саясаттанушы Фархад Мамедовтың пікірі.

Фархад Мамедов, саясаттанушы:

- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін Қазақстанға енгізу осы елдің заңды билігінің ресми шақыруымен болды. Бұл шешім жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Қазақстан президенті жаңа үкіметтің отырысында ҰҚШҰ әскері өте жақын арада шығарылады деді. Яғни Қазақстан үкіметі бұл тұрғыдағы шешімді дербес қабылдайтынын көрсетеді. Экономиканы қалпына келтіру, халықаралық беделін орнықтыру сияқты алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Үкімет осының бәрін қысқа мерзімде жасайды деп ойлаймын.