ҰҚШҰ бас хатшысы: операция аяқталды 

Еске салайық, Алматыдағы антитеррористік операция 6 қаңтарда басталған еді. Операцияны жүргізуге тек қазақстандық күштік құрылымдар қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.

 Ал Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерилері маңызды стратегиялық нысандарды қорғады. Кешеден бері сол мекемелер біздің сарбаздарға тапсырылып жатыр. Жалпы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан Қазақстанға 2 мыңнан астам әскери мен 250 техника келген болатын. 108 рейс жасалған. Оларды Ил-76 транспорттық ұшақтары жеткізген еді.

Станислав Зась, ҰҚШҰ бас хатшысы:

– ҰҚШҰ бітімгерлік күші жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. Бауырлас елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттің тұтастығын сақтауға көмек көрсеттіңіздер. Кәсібиліктеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз арқылы ұйымға мүше елдердің төнген қатерге бірлесіп қарсы тұра алатынын көрсете білдіңіздер. Қазақстанда жағдай тұрақталды. Операция барысында өзара іс-қимылды үйлестіру  бойынша мол тәжірибе жинадық. Қазақстан тарапының шешімімен әскерлер шығарылып жатыр.

Андрей Сердюков, ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы, генерал-полковник:

– Бітімгерлік күштің жігіттері иық тірестіріп, бауырлас қазақ елінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете білді. Террристердің конституциялық тәртіпті бұзып, ел іргесін сөгуіне жол берілген жоқ. Қысқа мерзімде азаматтарды өмірін қорғауға өз үлестеріңзді қоса білдіңіздер. Жеке құрамға алғыс айтамын. Бітімгерлік күштің операциясы сәтті аяқталды. 