И. Велизаде: ҰҚШҰ өз міндетін сәтті орындады

Қазақстандағы ахуалды саралай отырып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерін енгізу ең дұрыс шешім болды. Әзірбайжандағы белгілі саясаттанушы Ильгар Велизаденің пікірі осындай, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қазақстандағы миссиясын сәтті орындап шықты.

Ильгар Велизаде, «Южный Кавказ» саясаттанушылар клубының басшысы:

– Бұл қадам елдің ішкі қарулы күштеріне  экстремиз мен терроризм әрекеттеріне  тосқауыл қою үшін септігін тигізді. Әрине көлемі жағынан үлкен мемлекет болғандықтан ондағы мәселелерді шешу үшін ірі күштердің көмегіне жүгінген дұрыс. Шұғыл әрі тиімді әрекет ету шешімі өзінің оң нәтижесін берді деп есептеймін.