«QazaqGaz» ҰК мен «ҚазТансОйл» АҚ басшылары қызметінен босатылды

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен «ҚазТансОйл» АҚ бас директоры Д. Досанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Самұрық-Қазына қорының сайтында жарияланды.

Самұрық-Қазына қорының сайтында Шәріпбаевтың өкілеттігі Директорлар кеңесінің шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды деп жазылған. Сондай-ақ ҚазТрансОйл акционерлік қоғамының Директорлар Кеңесі Димаш Досановтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол акционерлік қоғамның бас директоры қызметін атқарған.