Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты «Атамекен» ҰКП мәлімдеме жасады

Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты «Атамекен» ҰКП мәлімдеме жасады

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасы Тимур Құлыбаевтың төралқа төрағасы қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» Ұлттық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма Тимур Құлыбаевтың «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылғанын айтты.

«Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды әрі палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Тимур Асқарұлының жеке шешіміне құрметпен қараймыз және бірнеше жыл бірге атқарған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды және палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты», - делінген мәлімдемеде.

Ұлттық палатаның басқару органдары (төралқа мен басқарма, өңірлік кеңестер мен өңірлік палаталар) штаттық режимде жұмыс істейтіні айтылды.

«Төралқа төрағасын съезд сайлайды, төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төрағаның міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын анықтайды», – делінген хабарламада.

Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың бұрыннан талқылап келе жатқан мәселесі төралқаның салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті сала кәсіпкерлері сайлайтыны туралы айтылды.

«2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай съезд және төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. Басқарудың жоғары органы ретінде съезд өз уәкілеттігі аясында төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ, басқарма құрамына қатысты шешім шығарады», – деді палата өкілі.