Қ. Тоқаев: Мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтерін жекешелендіру керек.

Президент Үкіметке осындай тапсырма жүктеп отыр. Мұны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбуктегі парақшасында жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев жекешелендіру ісі ашық әрі әділ жүргізілуі қажет деді. Әрі мемлекет экономикаға көп араласа бермеу керек екенін тілге тиек етті.