ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды – ҚР СIМ

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский мәлімдеді. 

Айтуынша, қазір бітімгерлік күштері Қазақстан аумағынан өз елдеріне оралып жатыр. Бітімгерлер 13 қаңтардан бастап шығарыла бастаған болатын. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы құжатқа  қол қойылғаннан бері 30 жылдың ішінде алғаш рет Қазақстанға шақырылып отыр.