Жаңа Қазақстанның мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасына осылай жазды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Бар күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шара қабылдайтынын хабарлады. «Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз»,– делінген жазбада.