М.Ерман: 3 300 адам айыппұл, санкциясыз босатылды

Еуропарламенттің Қазақстандағы оқиғаға қатысты резолюциясы асығыс шешім және объективті емес. 3 мың 300 адам айыппұл, санкциясыз босатылды. Тек қаруланып, елдің конституциялық біртұтастығын бұзуға әрекеттенгендер ғана қамауға алынды. Европарламент елдегі оқиғаны толық зерделеп алмай, резолюция қабылдап отыр. Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман осындай пікір білдірді.

Қазір құқық қорғау органдары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізуде, Президенттің тапсырмасымен арнайы комиссия да құрылды. Барлық жұмыс заң жүзінде жүргізіліп отыр деді депутат.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл құжат өте асығыс қабылданған, мазмұнынан-ақ объективті емес екенін көруге болады. Себебі қазір құқық қорғау органдары өзіміздің заңнамаға сәйкес тергеу жүргізуде. Еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әрекеттенгендер қамауға алынды. Адам құқы жөніндегі уәкіл ол нысандарға барып, бақылау жүргізіп отыр. Резолюция тек ұсыныстық сипаттағы құжат, десе де бұл біздің Еуроодақпен сауда-экономикалық қарым қатынасымызға кері әсер етпес деген сенімдемін.