Үкімет халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс – Президент

«Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.

«Біз сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсартуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.