Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

Inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымында атқарған көп жылғы жемісті еңбегі үшін Берік Имашевқа алғыс білдірді.