Сенаторлар халықаралық шарттар туралы заң жобасын талқылады

Сенаторлар халықаралық шарттар туралы заң жобасын талқылады

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар халықаралық шарттарды реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге ықпал ететін заң жобасын талқылады.

Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңды 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіруге, сондай-ақ олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған.

Заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.