Ұлт ретінде бұл қайғылы оқиғадан сабақ алдық – Тоқаев қаңтар қасіреті туралы

Мемлекет басшысы Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде еуразиялық кеңістікте бейбітшілікті, қауіпсіздік пен ілгерілеу ісін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бұл, әсіресе, терроризм, экстремизм және трансұлттық қылмысқа қарсы күреске байланысты. Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айының басында елімізге лаңкестердің асқан қаныпезерлікпен шабуыл жасағаны туралы айтты.

– Мемлекет, ұлт ретінде бұл қайғылы оқиғадан сабақ алдық және тез арада қалпымызға келетініміз сөзсіз. Қазіргі кезде мемлекеттік басқару ісін, ұлттық қауіпсіздік жүйесін және экономикалық саясатты қайта форматтау және реформалау бағытында барынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша жаңа Қазақстан құру ісіне кірісіп кеттік, – деді Қазақстан Президенті.