Қ.Тоқаев: Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына осылай жазды, деп хабарлайды Хабар 24. 

«Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды» деп жазды Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында.