Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы АҚШ пен Ұлыбритания миссиялары Қазақстандағы қаңтар оқиғасының жіті тергелуі керектігін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Британиялық делегация Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбіт шерушілер мен халықтың тыныштығын бұзған ұйымдасқан қылмыстық топтардың ара-жігін нақты анықтай алғанын алға тартты. Дипломаттардың айтуынша, қаңтар оқиғасы жіті тергелуі тиіс. Ал АҚШ-тың тұрақты өкілі Үкімет пен азаматтық қоғам арасында құрылымдық сұхбаттың маңыздылығын ерекше атап өтті. Вашингтонның арнайы елшісі қазақстандықтардың сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс өткізу құқығын қолдайтынын білдірді.
