Мәжіліс тағы бір маңызды құжатты мақұлдады

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік қағидаларына қатысты құжатты мақұлдады. Оны депутаттарға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин таныстырған еді.

Бұл құжат 2014 жылы қабылданған еді. Сол кезде Қазақстан, Ресей және Беларусь тарабы қол қойған. Ал Қырғызстан мен Армения кейін қосылды. Міне, сол құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Нақтырақ айтсақ, құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін, жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізіліп отыр.