424,84 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан мен АҚШ арасындағы салық тәртібін жетілдіру туралы келісім талқыланды

  • 131
  • UPD: 16:50, 26.01.2022
Қазақстан мен АҚШ арасындағы салық тәртібін жетілдіру туралы келісім талқыланды Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатқа сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері автоматты түрде ақпарат алмасу үшін тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсететін болады. Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, онда сондай-ақ ақпаратты автоматты түрде алмасу бойынша міндеттемелерді орындау рәсімін белгілеуді, ынтымақтастық жөніндегі қағидалар мен рәсімдерді айқындау да көзделіп отыр.

«Ұсынылып отырған ережелер Қазақстан үшін салықтарды жинау және әкімшілендіру бойынша қосымша құралға айналады, қазақстандық азаматтардың салық салудан жалтаруына жол бермеуіне және тиісінше мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады», – делінген мәліметте.

Заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы