Тоқаев: «Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс

«Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев партияның кезектен тыс XXI съезінде осылай деді. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланғанын хабарлағанбыз.

Президент Алматыдағы қасіретке де тоқталып өтті.

«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты. Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік.   Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық», – деді ол.