Қ.Тоқаев: Н.Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпау керек

Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпау керек. Өткенін жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай дей келе, Америка президенттері мен Қытай басшыларының өзі кемшіліктер жібергеніне мән берді. Тіпті қазір жұрт мақтайтын Сингапур көшбасшысы Ли Куан Ю да олқылықтарға бой алдырғанын атап өтті.

«Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді», – деді ол.

Сонымен қатар кез келген сынаққа дайын бол керектігін де тілге тиек етті.

«Мемлекетімізді нығайтып, кез келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық», – деді Тоқаев.