loader

«Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек – Президент

«Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек – Президент

Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын.

Мемлекет басшысы бұл туралы «Nur Otan-ның» кезектен тыс съезінде айтты. Ол өзі төрағалық ететін партияның бағытын да айқындап берді.

«Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет.

Шын мәнінде «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деді Президент.

Сондай-ақ...