МӘСҚ басшысы қызметінен кетті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов қызметінен кеткені туралы өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Алайда қызметтен кету себебі айтпаған. Жазбада Болат Төкежанов қордың негізі қаланып, жұмысын жүйелеуге ат салысқан барлық әріптестеріне алғыс айтып, алда атқарылуы тиіс үлкен міндеттер тұрғанын жазды.

Айта кету керек, Болат Төкежанов бұл қызметке 2020 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ашуев Айдын Жұмабекұлы тағайындалды. Ол 1976 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Статистика агенттігінде, Қаржы министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2021 жылғы қаңтардан бастап-Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.