Партияның бірінші орынбасары қызметін алып тастау керек – Президент

«Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары қызметін алып тастау керек. Оның орнына атқарушы хатшы тағайындаған дұрыс. Қасым-Жомарт Тоқаев партия съезінде осы мәселені де көтерді, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекет басшысының айтуынша, саяси ұйымның құрылымын өзгертіп, өңірлердегі бөлімшелердің қызметін дамыту керек. Қазір елде партияның 238 қоғамдық қабылдауы бар. Бірақ олар жөнді жұмыс істеп жатқан жоқ. Бұқараның базынасын тыңдауда партия мүшелері тым енжар. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысына салғырт қараған нұротандықтарға қатаң шара қолдану керектігін айтты.