Халық алдында депутаттардың абыройы жоқ – Қ.Тоқаев

Қасіретті қаңтар қырғынында біз бұған айқын көз жеткіздік. Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы депутаттарының рейтингі енгізіледі. Президент бұл ретте, аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге партияның қатысуын күшейтуді тапсырды. «Депутаттардың кеудесіне тағатын төсбелгі олардың жоғарғы элитаға жататындығының көрінісі емес. Бұл оны халық сайлап және ел мүддесі үшін қызмет ететіндігінің белгісі. Депутаттар осыны жете түсіну керек. Өңірлерде атқарылған жұмыстарды әкімдерден өзге ешкім ашып айтпайды. Қоғам бұл істе партияның қандай рөлге, ие екенін білмейді. Себебі, депутаттардың өзі бұл мәселеден басын алып қашады» Қасым-Жомарт Тоқаев өткір сынай келе, мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясының депутаттарының ашық рей-тингін енгізуді тапсырды.