ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктері кеңейтілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді.
Жарлыққа сәйкес, Мемлекеттік хатшы ішкі саясатта Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды. Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Президент тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді.
Президенттің тапсырмаларына сәйкес Мемлекеттік хатшы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бұл туралы елдің нормативтік-құқықтық актілерді эталондық бақылау банкі хабарлады.