Үкімет биыл қандай жобаларға басымдық береді

Үкімет биылғы жоспарын пысықтады. Олар халық табысын арттыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды және жаңа инвестициялық саясат қалыптастыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Одан бөлек, мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін қысқартуға мүдделі. Сосын мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртпақ. Осы айтылғанды қалай тиімді жүзеге асыруға болады дегенге бас қатырған министрлер Әлихан Смайыловқа шетінен ұсыныстарын жеткізді. Айталық, ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалар мен егін басында жүргендерге жеңілдетілген несие беруді жоспарлап отыр. Ал экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ел арасында қызу талқыға түсіп жатқан утилизациялық алым мәселесін қайткен күнде де шешіп тастамақ. Қорғаныс саласында да айтарлықтай өзгерістер болады. Әскердің әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды мықтап қолға алады.