Жанат Самат «Жасыл Даму» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Жанат Самат «Жасыл даму» Акционерлік Қоғамның басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің бұйрығы шықты.

Жанат Самат еңбек жолын 2001 жылы Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингі бөлімінің бас салық инспекторы болып бастаған. Осы жылдар ішінде облыстық Салық комитетінде келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды. Ал 2020 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығының бас директоры болып жұмыс істеді.