Заң жобаларын қоғам талқысына салу қажет – Мәжіліс төрағасы

Әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын қабылдамас бұрын халықтың талқысына салған жөн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілістің су жаңа төрағасы депутаттардың алдына осындай міндет қойды. Ерлан Қошанов қоғамды тыңдап, халықтың талабын ескеруге үндеді. Әсіресе қасіретті қаңтар оқиғасы ел үшін сын болды. Енді Президент айтқан міндеттерді тездетіп іске асыруда Парламентке артылатын жүк көп. Ол үшін алдымен жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету керек, – деді спикер. Халық сайлаған депутаттар ең алдымен сол сайлаушыларға жақын болып, азаматтық сектор, бұқаралық ақпарат құралдары және өңірлердегі қоғам белсенділерімен аралас-құралас жұмыс атқарса игі.